Навигация

БілімБілім

Лицейдің негізгі мақсаты – білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде сапалы білім беру, өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халқына жыл сайын жасайтынЖолдауы – жаңа белестерге көтеретін бағдарлама. Әр жолдауында еліміздің дамыған елдер қатарына кіруге жасалатын қадамдарды анықтап, алдағы уақытта қандай істер мен жоспарларды жүзеге асыру қажеттілігін айқындайды.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары саяси-экономикалық тұрғыда тұралап тұрған ел еді. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында тығырықтан шығып, небәрі ширек ғасырда алпауыт елдер санасатындай дәрежеге жетті, еңселі елге айналып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мықты елдермен иық тірестіріп отыр. Бұл жыл сайын Елбасымыздың ел алдында есеп беріп, Жолдаулар арқылы елді бағыттай білгендігінің арқасы, елді сендіріп, соңынан ерте білгендігінің арқасы.

Биылғы жылғы да Жолдау еліміздің дамуы үшін маңызды құжат болып табылады. Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының ұжымы ағымдағы жылдың 9 қаңтарында ұлттық арналар арқылы елбасымыздың жасаған мәлімдемесін тыңдап, ерекше ықыласпен қабылдады.  Кеше 10 қаңтар күні жарияланған толық нұсқасы бойынша мұғалімдер ұжымы мен жоғары сынып оқушылары арасында талқылау болып өтті.

Бұл Жолдау ерекше. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.Сонымен, Жолдауда негізгі алдағы уақытта атқарылуға тиіс 10 міндетанық.Оның ішінде өзіміз тер төгіп, қызмет қылып жүрген білім саласына баса салмақ түсетінін, адами капиталды әлемдік деңгейде жаңғыртудың маңыздылығы зор екенін ерекше атап өтті. Еліміздегі білім жүйесі жаңа заманның талаптары мен экономика сұранысына ілесе алуы қажет. Осы бағытта әлем елдерінің озық іс-тәжірибелерін екшелей отырып, жас ұрпақты функционалды сауатты етіп өсіру маңыздылығы тұрғанын ұжым жете түсініп отыр. Ендеше, еліміздің білім беру саласында енгізіліп жатқан жаңалықтарға сенім білдіре отырып, оны жүзеге асыруға атсалысу қажет.

Мұғалім мәртебесін көтеру де осы Жолдауда тыс қалмады. Елбасымыз 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды. Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өсетінін атап өтті.

Елбасының биылғы жолдауы арқылы еліміздің экономикасы ғана көтеріліп қоймай, білім-ғылым саласы дамып, рухани жаңғырудың жүзеге асатынына, саяси тұрақтылық нығайып, маңызды мәселелер оң шешімін табады деген зор сенімдеміз!

#елбасыжолдауы2018

#жолдау2018

#послание2018

#жолдаупавлодар2018

 

dayindal.comdayindal.com

БИЛ (КТЛ) және НЗМ (НИШ) тесттеріне онлайн дайындық

Dayindal.com.pdf

Жаңалықтар

Информация о школе

  • "Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты" КММ
    Академик Шөкин көшесі, 146
  • 8(7182) 31-03-62

Фотогалерея